8 800 080-44-48 Жедел желі

Алматы Қарасай батыр к-сі, 98

Алматы

Нұр-Сұлтан

Ақтау

Ақтөбе

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Тараз

Өскемен

Шымкент

Атырау

Семей

Орал

Петропавл

ҚИК халықаралық қауымдастықтың төрағасы болып сайланды

"Бәйтерек "ҰБХ" АҚ-ның еншілес ұйымы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы "ИҰ" АҚ Азиялық қайталама ипотекалық нарық қауымдастығының (Asian Secondary Mortgage Market Association, ASMMA) төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Оңтүстік Кореядағы Пусан қаласында өтіп жатқан жыл сайынғы 6th ASMMA Annual Meeting іс-шарасында Компания 2021 жылы төрағалық ететіні  белгілі болды.

Әділ Мұхамеджанов, "ҚИК "ИҰ" АҚ Басқарма Төрағасы: "Қазақстандық делегацияның белсенді жұмысының арқасында қауымдастық мүшелері Қазақстанды 2020 жылы қабылдаушы ел ретінде бірауыздан таңдап алды, ал Қазақстан Ипотекалық Компаниясы Халықаралық саммиттің ұйымдастырушысы болады. Сонымен қатар, бізге жоғары сенім көрсетіліп, 2021 жылы  ҚИК ASMMA-да төрағалық етеді".

Азиялық қайталама ипотекалық нарық қауымдастығы (Asian Secondary Mortgage Market Association) 2014 жылдың қыркүйегінде құрылды. Бұл Азиядағы екінші ипотекалық корпорациялар (ұйымдар) үшін ашылған коммерциялық емес ұйым. Қауымдастықтың миссиясы - Қауымдастық мүшелері болып табылатын елдерде тұрғын үй қарыз алу жағдайларын жақсарту және өмір сүру сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету үшін жылжымайтын мүлік нарығын дамыту мақсатында идеялар, пікірлер және тәжірибемен алмасу үшін негіз бен платформаны қамтамасыз ету.

Қазақстан Ипотекалық Компаниясы 2018 жылы ASMMA-ның құрметті мүшесі болды.

Iздеу