8 800 080-44-48 Жедел желі

Алматы Қарасай батыр к-сі, 98

Алматы

Астана

Ақтау

Ақтөбе

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Тараз

Өскемен

Шымкент

Атырау

Семей

Орал

Петропавл

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ Қазақстан Лифтшілерінің Ұлттық Қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үй объектілеріндегі лифтілерді пайдаланумен байланысты төтенше жағдайлардың туындауын болдырмау мақсатымен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ (бұдан әрі - «ҚИК») «Қазақстан Лифтшілерінің Ұлттық Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен (бұдан әрі – ҚЛҰҚ) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚИК аталмыш меморандум аясында ҚЛҰҚ өкілдерімен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған үйлердегі лифтілік жабдықтарға жоспардан тыс кешенді тексеріс өткізді. Қазақстанның 20 қаласында кемінде 200 лифт диагностикаланды.

Техникалық тексеріс барысында жекелеген лифтілердің жұмысында ақаулар анықталған болатын, олар қысқа мерзімдерде жойылды. Ақауларды жою үшін ҚИК-тің қаражаты іске қосылды, кепілгерлердің кепілдік міндеттемелері аясында кемшіліктерді жою механизмдері қолданылды, сондай-ақ пайдаланушы ұйымдар тарапынан жауапты қызметтер тартылды.

Лифт шаруашылығын пайдалану бойынша әрі қарайғы жұмысты жүйелік негізге қою жоспарлануда. ҚЛҰҚ Меморандум аясында Қауымдастыққа кіретін және «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған лифтілер, эскалаторлар, траволаторлар және көтергіштер. Жеткізуге, монтажға және пайдалануға қойылатын талаптар» ұлттық стандартына сәйкес келетін компаниялар туралы деректерді ұсыну бойынша міндеттемені өзіне жүктейді.

Осылайша, ҚЛҰҚ қауымдастық мүшелері лифтілік жабдықтардың тиісті монтажы бойынша қызметтер көрсетеді, қолданыстағы лифтілерге сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, ағымдағы жабдықтардың техникалық жай-күйіне бақылау жүргізеді және оған қатысты есептерді тұрақты ұсынып отырады деп кепілдендіреді. Онымен қоса, меморандумға сәйкес ҚИК-тің үйлерінде лифтілік жабдықтарға қызмет көрсету бойынша жекелеген талаптар әзірленетін болады.

Айсұлтан Акчурин, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары: «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес ҚИК 1 млн. ш.м. астам тұрғын үйді  пайдалануға берді, ол Қазақстан бойынша 326 үйді құрайды. Осы үйлерде 50 мыңнан астам адам тұрып жатыр және біздің міндетіміз – тұрғындардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету үшін инженерлік жабдықтарға ұқыпты және сауатты қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Қол қойылған меморандум еліміздегі лифт саласын дамытуға ынталандырып, лифтілерге қызмет көрсету стандарттарын енгізуге үлгі болады деп үміттенеміз».

Iздеу