8 800 080-44-48 Жедел желі

Алматы Қарасай батыр к-сі, 98

Алматы

Нұр-Сұлтан

Ақтау

Ақтөбе

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Тараз

Өскемен

Шымкент

Атырау

Семей

Орал

Петропавл

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
 
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2013 жылы құрылған.Негізгі міндеті – жеке меншік құқы бар, сонымен қатар ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, басқа заңды тұлғалар сеніп басқаруға берген акциялар пакетін  (қатысу үлесі) басқару болып табылады. Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 22 мамыр күнгі № 571 Жарлығына орай даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған.  2014 жылдың соңына қарағанда,  Холдинг өзінің аясына 11 еншілес ұйымды біріктірді.
«Бәйтерек» холдингінің маңызды міндеттерінің бірі - Холдинг компаниялары тобының тиімді және бір-бірін толықтыратындай жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

МИССИЯСЫ
«Стратегия-2050»-де белгіленген мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік-бейімделген міндеттерді шешу және  онда қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржыландыру және экономиканың  басымдық секторларына қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ету . 

 КЕЛЕШЕГІ
2023 жылғы Холдинг  – Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қаржылық агенті болып табылатын, елдің экономикасының әртараптандырылуын, жаңалануын және тұрақты дамуын, мемлекеттің әлеуметтік-бейімделген міндеттерінің шешілуін  қамтамасыз ететін  холдинг болмақ.

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫ
 Холдинг құрамына  11  еншілес ұйым енеді:
-  2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын, 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырушы ірі жобалар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға, инвестициялауға және  экспорттық  қолдауға  қатысушы даму институттары және ұлттық компаниялар: «Қазақстан Даму Банкі»АҚ,  «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ,  «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС
акционерлік қоғамы;
-  Инновациялық қызметті, шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау жасаушы институттар: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ  және  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ;
- Жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылыс жинақ саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысушы қаржылық ұйымдар  мен  ұлттық компаниялар: «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан  Ипотекалық Компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ.
 
«Бәйтерек» ҰБХ» ресми сайты – www.baiterek.gov.kz

Iздеу