8 800 080-44-48 Жедел желі

Алматы Қарасай батыр к-сі, 98

Алматы

Астана

Ақтау

Ақтөбе

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Тараз

Өскемен

Шымкент

Атырау

Семей

Орал

Петропавл

Омбудсмен институты

Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ішкі құжаттарының талаптарын іске асыру, корпоративтік шиеленістер мен мүдделер қайшылығын реттеу мақсатында Компанияда Омбудсмен институты енгізілді.

Омбудсменнің міндетіне Компанияның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша жеке және заңды тұлғалардан келген мәліметтерді, шағымдарды және басқа да өтініштерді жинау, олардың қаралуын қамтамасыз ету, сондай-ақ іскерлік этиканы сақтау және мүдделер қайшылығын реттеу бойынша туындайтын даулардың қаралуын ұйымдастыру кіреді.

Компанияның барлық жұмыскерлері, клиенттер, серіктестер және басқа да мүдделі тұлғалар Омбудсменге жүгінуге құқылы. 

Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар немесе мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке келтірілетін қауіп туралы мәліметтерді қамтитын және мемлекеттік органдарға олардың құзыреттеріне сәйкес дереу жолдануы тиіс жағдайларды қоспағанда, домалақ шағымдар қарастырылуға тиісті емес.

Өтініштерді жолдау:

  • ауызша, оның ішінде Омбудсменнің байланыс телефондары арқылы;
  • өтінішті Компанияның және/немесе Омбудсменнің электрондық пошта мекенжайына жолдау арқылы жазбаша түрде іске асырылады. 

Компанияның Омбудсмені Компанияның бас комплаенс-бақылаушысы Джаланов Шухрат Адильжанович.

Электрондық почта: shdzhalanov@kmc.kz, тел. 8 (727) 3441222, ішкі: 1323. 

Сондай-ақ, сіз хабарламаны Компанияның мына электрондық поштасына жолдай аласыз:  info@kmc.kz.

Өтініштің үлгісін жүктеу

Iздеу