8 800 080-44-48 Жедел желі

Алматы Қарасай батыр к-сі, 98

Алматы

Астана

Ақтау

Ақтөбе

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Тараз

Өскемен

Шымкент

Атырау

Семей

Орал

Петропавл

Басшылық

Компания өз қызметінде «Қазақстан Ипотекалық  Компаниясы» ИҰ» АҚ корпоративтік басқару Кодексімен анықталған   корпоративтік басқару принциптерін басшылыққа алады.
Корпоративтік басқару дегеніміз Компания  қызметі мен Акционерлердің, Директорлар кеңесімен, Басқармамен және Акционерлер мүддесін қорғау үшін мүдделі тұлғалармен  және Компанияның басқа органдарымен арадағы қарым-қатынасты  басқару   мен бақылауды қамтамасыз ететін үдерістер жиынтығын айтады.
Акционерлердің жалпы жиналысы Жоғарғы орган болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, Жарғы ережесі мен Компанияның ішкі құжаттарымен белгіленген мәселелер бойынша қабылдауға уәкілетті.
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ - ның акционері болып табылады.                              
 
Директорлар кеңесі Компания  қызметін жалпы басқаруды, сонымен қатар тікелей Акционердің құзырына қатысты мәселелерді қоспағанда атқару органының  қызметіне бақылауды іске асырады.
 
Басқарма  – Қоғамның ағымдағы қызметін іске асыратын атқарушы орган.

Ішкі аудит қызметі  қаржы-шаруашылық қызметін, ішкі бақылау аумағын бағалауды бақылауды, тәуекелдікті басқару, корпоративтік басқару аумағындағы құжаттарды орындау және Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беруді іске асырады. Ішкі аудит қызметі тікелей Директорлар кеңесіне бағынады.
 
Компания корпоративтік басқаруды Компания қызметінің тиімділігін арттыру, оның беделін көтеру мен капиталды тартуда шығынды азайту құралы ретінде қарастырады.
 
Корпоративтік басқару әділеттік, адалдық, жауаптылық, айқындылық, біліктілігі мен құзіреттілік негізінде құрылады.
Корпоративтік басқару принциптері Компанияны басқаруға байланысты пайда болған қатынастардағы сенімділікке бағытталған және барлық қағидалар мен нұсқаулардың негізі болып табылады.
Корпоративтік басқарудың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
-  Акционердің құқығы мен мүдделерін қорғау принципі;
-  Директорлар кеңесі және Басқармамен тиімді басқару принципі;
-  Дербес қызметі мен Қоғам қызметі туралы ақпараттарды ашудағы әділдік  принципі;
-  заң мен этика принципі;
-  тиімді кадр саясаты принципі;
-  қоршаған ортаны қорғау;
-  корпоративтік дау-дамайларды және мүдделік дау-дамайларды реттеу саясаты;
-  жауапкершілік принципі.

Iздеу