8 800 080-44-48 Жедел желі

Алматы Қарасай батыр к-сі, 98

Алматы

Астана

Ақтау

Ақтөбе

Қарағанды

Көкшетау

Қостанай

Қызылорда

Павлодар

Тараз

Өскемен

Шымкент

Атырау

Семей

Орал

Петропавл

Сыртқы аудит

Компанияның сыртқы аудитты «КПМГ Аудит» ЖШС-мен жүргізілді. 2015-2018 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтерді ұзақ мерзімге сатып алу шарты «Ұлттық. басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына,  Тапсырыс берушінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі Директорлар кеңесімен бекітілген (№3 хаттама), «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығына тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес, 2015-2018 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтерді ұзақ мерзімге сатып алудың ашық тендер қорытындысы туралы хаттама негізде жасалды .
Қызметтер тізіміне:
- ISRE 2410 сәйкес шолу бойынша есептің шығарылымына сәйкес дайындалған 2015 жылдан бастап 2018 жылғы кезең аралығында әрбір қаржылық жылға 1 қаңтардан бастап 30 маусым аралығындағы кезеңге Тапсырыс берушінің жеке қысқартылған және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілігіне шолу жүргізу (Техникалық ерекшелікте оны жүргізу туралы талаптар болғанда);
- 2015 жылдан бастап 2018 жыл аралығындағы кезеңге Тапсырыс берушінің жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша Тапсырыс берушінің басшылығына аудиторлық бланкіде басшының немесе онымен уәкілеттілік берілген тұлғаның қолы қойылған жүргізілген аралық аудиторлық рәсімдердің нәтижелерін нақты сипаттаумен және 2015 жылдан бастап 2018 жыл аралығындағы кезеңге ХҚЕС сәйкес дайындалған жыл сайынғы жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептіліктің дер кезінде шығарылымы үшін қажетті іс-шаралардың тізбесін қоса тіркеумен хат-есепті міндетті түрде ұсына отырып, әрбір қаржы жылына 1 қаңтардан бастап 30 қыркүйек аралығында кезеңге аралық аудиторлық рәсімдер жүргізу;
- Тапсырыс берушінің 2015 жылдан бастап 2018 жыл аралығындағы кезеңге 31 желтоқсанда аяқталатын әрбір қаржы жылына бір жылғы жағдай бойынша жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізу және ХҚЕС сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп ұсыну;
- 2015 жылдан бастап 2018 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржылық жылдың 30 маусымында жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілігіне (оны жүргізу туралы Техникалық ерекшелікте қойылған талаптар болған жағдайда) және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы отырысының хаттамасымен бекітілген пішімде шоғырландыру мақсаты үшін құрастырылған аудиттің 2015 жылдан бастап 2018 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржылық жылдың 31 желтоқсанында жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілігіне шолу жасау;
- аудиттің жылға арналған және жылдағы жағдай бойынша Тапсырыс берушінің 2015 жылдан бастап 2018 жылдар аралығындағы кезеңде әрбір қаржылық жылдың 31 желтоқсанында жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілігіне, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» № 234-III Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының нормативтік актілерімен бекітілген тізбесіне және үлгісіне сәйкес Тапсырыс берушінің  жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті ұсынуына шолу жасау;
«Ілеспелі қызметтер» - Шартпен қарастырылатын Шарт бойынша тиісті дәрежеде және сапалы Қызмет көрсетуге және Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті Аудитормен іске асырылатын қосымша қызметтер.
Ілеспелі қызметтер тізбесіне кіретіндер:
-сапаны жақсартуға қатысты қаржылық есептілікті дайындау үдерісі бойынша ұсыныстарды дайындау, сонымен қатар қаржылық есептілікті дайындау мерзімін қысқарту;
-Тапсырыс берушінің есепке алу саясатына сәйкес негізгі қаражатты бағалау әдіснамасы мен нәтижелері бойынша ұсыныстарды ұсыну (оны өткізген жағдайда);
-өнеркәсіпті сатып алудың әділ құнын бағалау әдіснамасы мен нәтижесі бойынша ұсыныстарды ұсыну (егер сатып алулар орын алған болса);
- Директорлар кеңесінің мүшелері/Аудит бойынша комитет және Тапсырыс берушінің басшылары үшін Тапсырыс берушінің 2015 жылдан бастап 2018 жылдар аралығындағы кезеңдегі әрбір қаржылық жыл үшін аудит нәтижелерінің тұсау кесері;
-Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігіндегі ескертпелерінде ашуды жетілдіру бойынша ұсыныстарды ұсыну;
-салықтық есептерді ұсынусыз жеке және/немесе шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті аудиттің мақсаты үшін Аудитордың салықтық мамандарын тартуы қоса ұсынылатын 2015 жылдан бастап 2018 жылдар аралығындағы кезеңдегі әрбір қаржылық жыл үшін жыл сайынғы салықтық шолу жүргізу. Салықтық шолу жүргізу бухгалтерлік және салықтық есеп үдерістерін қарастыруы керек, сонымен қатар негізгі жұмыс біршама маңызы бар салықтық тәуекелдіктер байқалатын мүмкіндіктері бар мәселелерге көбірек көңіл бөлінуі тиіс.;
- кеңестер беру бойынша есептерді ұсынбай-ақ аудит барысында  бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша кеңестер беруді жүргізу;
- бухгалтерлік есеп жүргізуді бағалау мен қаржылық есептілікті құрастыру
(соның ішінде, активтер мен міндеттемелерді қайта бағалау және  тапсырыс берушінің талап етуі бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жеткізушімен дебиторлық және   кредиторлық берешектерді салыстыруды қоса отырып, активтер мен міндеттемелерді түгендеуді өткізудің тәсілдері мен рәсімдері);
- бухгалтерлік есеп және қаржылай есептілікті құрастыруды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша ішкі бақылау тапсырыс берушінің тәуекелдіктерді басқару жүйесінің дұрыстығын бағалау;
- ақпараттарды өңдеу жүйесін бағдарламалық-техникалық жетілдіру жағдайын және ақпараттарды өңдеу жүйесін автоматтандыру сенімділігін бағалау;
- бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру кезінде ішкі бақылау жүйесінің баға беруіне байланысты мәселелер бойынша тапсырыс берушінің ішкі аудит қызметінің жұмысына баға беру;
- бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыруға байланысты мәселелер бойынша Тапсырыс берушінің аффилирленген тұлғаларының  қызметіне бақылауды ұйымдастыруды талдау;
- Тапсырыс берушінің қызметін бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті құрастыру саласында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес бағалау;
- аудит барысында бюджет қаржысын, кредиттерді, кепілдерді, мемлекет активтерді, мемлекетпен кепілдендірілген займдарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамалары бұзылғандығы анықталған  жағдайда,
«Аудиторлық қызмет туралы» № 304-I; Қазақстан Республикасы заңының 21 бабы 2 тармағының 6) тармақшасына сәйкес бұзушылықтар туралы ақпараттар ұсыну;
- қаржылық есептілікті құрастыру кезінде пайдаланылған актуарлық есеп айырысу әдістемесін талдау  (оның жүргізілгені туралы талаптар  болған жағдайда). Шарттың жалпы сомасы 67 715 172 (алпыс жету миллион жеті жүз он бес мың жүз жетпіс екі) теңге 00 тиын көлеміндегі соманы құрайды, оның ішінде ҚҚС-ы сомасы 7 255 197 теңге, ол жылдар бойынша төмендегілерді құрайды:
- 2015 жылға – 15 710 940 теңге,соның ішінде ҚҚС сомасы– 1 683 315 теңге,
-  2016 жылға – 16 496 256 теңге, соның ішінде ҚҚС сомасы – 1 767 456 теңге,
-  2017 жылға – 17 321 220 теңге, соның ішінде ҚҚС сомасы – 1 855 845 теңге,
- 2018 жылға – 18 186 756 теңге, соның ішінде ҚҚС сомасы – 1 948 581 теңге.
 
 

Iздеу