Алматы қаласындағы Бас кеңсе

+7 (727) 344 12 22

Қауырт желінің телефоны

8 800 080 44 48

Сұрақ қою
Сенім телефоны

+7 (727) 344 12 00
+7 (700) 344 12 92
sb@kmc.kz

28.06.2017 14:53
Жеке кабинет

Банктермен серіктестігі

Банктермен серіктестігі
Компания қызметтерінің негізгі бағыттары екінші деңгейдегі банк-серіктестермен берілген ұзақ мерзімді ипотека қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алу, сондай-ақ ипотекалық несие беру үшін ұзақ мерзімді ресурстарды, оның ішінде меншікті ипотекалық бағалы қағаздарды шығару арқылы да тарту болып табылады.

Жалпы ақпарат

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» жабық акционерлік қоғамы 2000 жылы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ипотекалық несие беру жүйесін дамыту мақсатында құрылды.
Компанияны құрудың негізгі мақсаты несие ресурстарының тез қайтарымдылығын қамтамасыз ету және ипотекалық несие беруге қатысатын қаржы институттарының өтімділік мәселелесін шешу үшін ипотека облигацияларын шығару арқылы екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру, сондай-ақ еліміздің азаматтарына ипотека қарыздарының қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.    
Компания қызметтерінің негізгі бағыттары екінші деңгейдегі банк-серіктестермен берілген ұзақ мерзімді ипотека қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алу, сондай-ақ ипотекалық несие беру үшін ұзақ мерзімді ресурстарды, оның ішінде меншікті ипотекалық бағалы қағаздарды шығару арқылы да тарту болып табылады.
Компанияның негізгі міндеттері: ипотекалық несие беру көлемдерін ұлғайту, несие беру мерзімдерін ұзарту, бастапқы жарна сомасын азайту болып табылады.