Алматы қаласындағы Бас кеңсе

+7 (727) 344 12 22

Қауырт желінің телефоны

8 800 080 44 48

Сұрақ қою
Сенім телефоны

+7 (727) 344 12 00
+7 (700) 344 12 92
sb@kmc.kz

19.08.2017 09:40
Жеке кабинет

Нұрлы Жер (субсидиялау)

Нұрлы Жер (субсидиялау)
  • Ипотека бойынша қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме - 10%
  • Комиссиясы -  0%
  • Нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үйді сатып алу
  • Бастапқы жарна - 30% бастап
  • Ипотека мерзімі - 15 жылға дейін
  • Субсидялаудын ең жоғары мерзімі – 10 жыл
  • Алматы, Астана қалалары үшін қарыздың ең жоғары субсидияланатын сомасы - 20 млн. теңге
  • Өңірлер үшін қарыздың ең жоғары субсидияланатын сомасы - 15 млн. теңге 

 

Жалпы ақпарат

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ екінші деңгейлі банктермен берілетін ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру бағыты бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын іске асыруға қатысады.
Субсидиялау, субсидиялау туралы шешім қабылданған сәттен бастап әрекет ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен орнатылған базалық мөлшерлемесінен 5% аспайтын  сыйақы мөлшерлемесі бойынша ЕДБ берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ғана іске асырылады.
Қарыздар салушымен тапсырылған бастапқы тұрғын үйді сатып алуға беріледі.
 Субсидиялаудан кейін қарыз алушы үшін түпкі сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10% құрауы тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеме төмендетілген жағдайда, субсидия мөлшері жаңадан берілетін қарыздар бойынша қысқаратын болады.
Бүгінгі таңда Бағдарламаға қатысуды 7 банк растап отыр: «Цеснбанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Tengri bank» АҚ.
 
Қазір өтініштерді қабылдауды «БанкЦентрКредит» АҚ мен «АТФБанк» АҚ іске асырып жатыр. 
 
Бағдарламаның басымдықтары:
  • Қарыз алушы үшін ай сайынғы төлем 30-40% төмендейді;
  • Қарыз теңгеде беріледі;
  • Қандай болмасын кезекте тұрудың қажеті жоқ;
  • Меншігінде бар жылжымайтын мүлік саны маңызды емес;
  • ҚР кез келген азаматы өтініш бере алады;
  • Қосымша комиссиясы жоқ.
 Бағдарламаның талаптары
Қарыз алушының Бағдарламаға қатысуы үшін міндетті шарттары:
несиелендіру мерзімі – 180 айға дейін;
қарыз алушының шотында сатып алатын тұрғын үй сомасының 30% көлемінде  қаражатының бар болуы;
мақсатты нысаны – бастапқы тұрғын үйді сатып алу (қолданысқа енгізілген, бірақ қайта рәсімделмеген тұрғын үй);
субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғары сомасы – Алматы мен Астана қалаларында 20 млн. теңгеге дейін және басқа өңірлерде 15 млн. теңгеге дейін;
субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі – 120 ай, бірақ несиелеу мерзімінен артық емес;
сыйақы мөлшерлемесі – қарыз алушы үшін жылдық 10%.
Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктер, банктермен халыққа берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін субсидия беру тәртібімен қарастырылған жағдайлардан басқасында, қандай болмасын комиссия, алымдар және/немесе субсидиялау шартын жасау/қызмет көрсету/берумен байланысты төлемдерді алмайды.
Тұтынушы мақсаттарға, қарызды қайта қаржыландыруға, тұрғын емес үйді, жер учаскесін сатып алуға бағытталған ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат берілмейді. 
 
Есептеу мысалдары
Пәтер құны – 15 000 000 теңге (жаңа тұрғын үй);
Бастапқы жарна - 30% - 4 500 000 теңге;
Қарыз сомасы – 10 500 000 теңге;
Қарыз мерзімі – 180 ай (ең ұзақ);
Сыйақы мөлшерлемесі - 15,5% оның ішінде 10% қарыз алушы төлейді, 5,5% ҚИК төлейді;
Субсидиялау мерзімі – 120 ай (ең ұзақ);
Берілген талаптарда 15,5% - ай сайын 150 569 теңгені құрайтын еді. Субсидиялау талаптарында қарыз алушы үшін төлем ай сайын 102 513 теңгені (ҚИК 48 056 теңгені өтейді) құрайды. Осылайша, қарыз алушы үшін жүктеме 32% төмендейді.
Пәтер құны – 28 570 000 теңге (жаңа тұрғын үй);
Бастапқы жарна - 30% - 8 570 000 теңге;
Қарыз сомасы – 20 000 000 теңге;
Қарыз мерзімі – 180 ай (ең ұзақ);
Сыйақы мөлшерлемесі - 15,5% оның ішінде 10% қарыз алушы төлейді, 5,5% ҚИК төлейді;
Субсидиялау мерзімі – 120 ай (ең ұзақ);
Берілген талаптарда 15,5% - ай сайын 286 798 теңгені құрайтын еді. Субсидиялау талаптарында қарыз алушы үшін төлем ай сайын 195 262 теңгені (ҚИК 91 536 теңгені өтейді) құрайды. Осылайша, қарыз алушы үшін жүктеме 32% төмендейді.